Эмре Севинчтің тарих, археология және этнология факультетімен танысуы

14.02.2018

Көрулер: 3126

Түркия Республикасы Анкара қаласының Гази университетінің түлегі әрі тарих мамандығының 2-курс магистранты Эмре Севинч академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тарих, археология және этнология факультетінде 12.02.-30.06.18ж. аралық уақытында білімін жетілдіруде. Осы орайда факультет студенттері, магистранттары және докторанттары магистрант Эмре Севинчпен арнайы кездесу, пікіралмасу кешін ұйымдастырды. Эмре келісімен оқу орнымен толық танысып, факультеттің тыныс тіршілігі және оқу жүйесі туралы ақпарат алып, студенттермен тез достасып кетті. Эмренің қазақ тілін үйренуге деген белсенділігі жоғары. Кеш барысында Эмре қазақ халқының тарихы мен салт-дәстүрі туралы терең ақпарат алып, Түркия мен Қазақстан Республикасы арасындағы қарым-қатынас туралы студенттер арасында өзара пікіралмасу жүріп, кездесу кеші өз мәресіне сай оздырылды. Студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білімін шыңдау екі елдің арасындағы достық қарым – қатынастың нығаюына да тигізер әсері зор болмақ.