Т.И. Тоғайдың «Ахмет Байтурсуновтың Орынбордағы жолы» атты ғылыми еңбегінің тұсаукесері

01.02.2018

Көрулер: 3285

Кездесуді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тарих, археология және этнология факультеті, «Халықтар достастығы үйі» Орынбор облыстық қоғамдық ұйымы (РФ), «Бәйтерек» Орынбор облыстық қайырымдылық қоры (РФ), «Қазақ тілі» халықаралық қоғамы және «Ақжол» партиясы ұйымдастырды.

Факультет деканы қауымдастырылған профессор Ноғайбаева Меңдігүл Сағатқызы кездесу барысында модератор болды.

Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің Ресей тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ресей мемлекетінің тарихы мен күнделікті өмір тарихындағы белгілі танымал сарапшы Сергей Любичанковский Валентинович және Тайкешева Сауле Совхозовна - «Халықтар достастығы үйі» (РФ) Орынбор облыстық қоғамдық ұйымының төрағасы өз пікірлерін ортаға салды.