Мұқағали Мақатаевтың 80 жасқа толуына арналған кеш

15.02.2017

Көрулер: 3681

2017 жылдың. 15-ақпан күні Тарих, археология және этнология» факультетінің № 10 студенттер үйінің акті залында ақын Мұқағали Мақатаевтың 80 жасқа толуына арналған «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Мен өмірге жырлау үшін келгенмін» атты еске алу кеші өткізілді. Кештің мақсаты: Жастардың рухани байлығын арттырып, өнеріміздің көсегесін көгерткен тұлғалардың бірегейі, қазақ классикалық поэзиясының марқасқасы Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын насихаттап, жастардың бойында патриоттық рухты қалыптастыру.