Брейн-ринг

20.06.2020

Көрулер: 3187

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да студенттер мен магистранттары арасында "Жастар арасында құқықтық тәрбие мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында «Брейн-ринг» зияткерлік ойыны аяқталды. Зияткерлік ойын классикалық Брейн-ринг ережелері бойынша өткізілді, Оның ерекшелігі - «ми шабуылы» әдісімен ұйымдастырушылар әзірлеген мәселелерді талқылау уақытына шектеу қойылатындығы. Жоғары деңгейдегі эрудиция және құқықтық білім ойыны барысында командалардан жалпы теориялық және тарихи жоспар, сондай-ақ практикалық, қолданбалы сипаттағы сұрақтар талап етілді. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жалпы әлемдік үрдістерге, қоғам өмірінің саяси, экономикалық және өзге де салаларында сыбайлас жемқорлықтың таралуының теориялық аспектілеріне, Қазақстан Республикасындағы құқықтық мәдениет пен құқықтық тәрбие проблемаларына және жастар ортасында парасаттылықты насихаттауға қатысты мәселелер қаралды.