Магистранттарға арналған сыныптан тыс іс-шара

25.03.2023

Көрулер: 546

25.03.2023 сенбі күні педагогикалық практика аясында Орталық мемлекеттік мұражайда 3 курс студенттерімен ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті. Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұражайы тек Қазақстандағы ғана емес, бүкіл Орталық Азия аймағындағы ең көне және ең ірі мұражайлардың бірі болып табылады. Мұнда қор жинақтарында 300 мыңға жуық сақтау бірлігі бар. Палеонтология және археология залын, тарихи этнография залын, «диаспора мәдениеті» залын, «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан», «Қазіргі Қазақстан» залын тамашалай алдық. Осылайша біз қазақ халқының материалдық мәдениетімен танысуға, Қазақстанда тұратын халықтардың мәдениетінің ерекшеліктеріне бойлауға, үйсіндердің қолданбалы өнер туындысын өз көзімізбен көруге мүмкіндік алдық-Қарғалы диадемасы.