Рухани жаңғыру: ерлікке тағзым

16.02.2018

Көрулер: 2941

Бұл іс-шараны ОҚО-ның Қазығұрт ауданының «Еңбек» орта мектебінің тарихшы ұстаздары, Қазығұрт ауданы Ауған соғысы ардагерлерінің ұйымы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тарих, археология және этнология факультетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры, т.ғ.д., Ауған соғысының ардагері Болат Сайлан ұйымдастырды.

Бұл кездесуге ұстаздар, оқушылар, ата-аналар, ардагерлер және аудандық білім беру ісінің әдіскерлері қатысты. Қазақ батырларының ерлік істері насихатталып, олардың қан майдандағы көріністерінен қойылымдар қойылды.

Мектеп бітіруші түлектер әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға оқуға шақырылды.