Ауған соғысының ақиқаты

15.02.2018

Көрулер: 3630

Бұл шараны Шымкент қалалық Нұр Отан ХДП мен ОҚО Ауған соғысы ардагерлерінің қауымдастығы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тарих, археология және этнология факультетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры, т.ғ.д., Ауған соғысының ардагері Болат Сайлан ұйымдастырды.

Шара барысында «Ауған соғысының ақиқаты» кітабының авторы Б.Сайлан баяндама жасап, жас ұрпаққа бұл соғысқа қатысқан ардагерлердің бүгінгі таңдағы бейбіт өмірге қосар мүмкіндіктерімен бөлісті.

Шараға Шымкент қалалық Нұр Отан ХДП-нан Әшірбек Тұрдалин (Шымкент қ.), Болат Сайлан (Алматы қ.), ОҚО Ауған соғысы ардагерлерінің қауымдастығы трағасының орынбасары Қайрат Қалмырзаев (Шымкент қ.) және бірқатар Ауған соғысы ардагерлері қатысып, сұрапыл соғыстың тарихымен бөлісті. Кездесу соңы құттықтаулармен жалғасты.