Тарихым-тереңім, қазынам тек өзің

12.02.2018

Көрулер: 2845

Бұл кездесуді Алматы қаласының №146 мектебінің тарихшы ұстаздары мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тарих, археология және этнология факультетінің 4 курс тарихшы студенттері ұйымдастырды.

Кездесуге Қазақстанның Еңбек Ері, танымал ұстаз Аягүл Миразова (Алматы қ.), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тарих, археология және этнология факультетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры, т.ғ.д., Ауған соғысының ардагері Болат Сайлан (Алматы қ.) және осы мектептің директоры мен ұстаздары, оқушылар мен ата-аналар қатысты.

Кездесу барысында тарихи тағылымы мол, жастарды білім мен патриоттыққа тәрбиелейтін әңгімелер айтылып, оқушылар ұйымдастырған концерт қойылды.

Мектеп бітіруші түлектер әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға оқуға шақырылды.