Іс-шаралар күнтізбесі

БАРША ҰЛТҚА ҚҰТ МЕКЕН БОЛҒАН – ҚАЗАҚСТАН

01.03.2022

2022 жылы 1 наурыз күні филология факультеті 1-курс, екі шет тілі мамандығы 102-тобымен 316 аудиторияда 16.00-17.30 сағат аралығында 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған іс-шара өткізілді.

1 НАУРЫЗ - АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ!

Іс-шара тақырыбы:

БАРША ҰЛТҚА ҚҰТ МЕКЕН БОЛҒАН – ҚАЗАҚСТАН.

Баяндама тақырыптары:

  1. Корей халқының Қазақстанға жер аударылуы.
  2. Қазақстанға неміс халқының жер аударылу тарихы.
    1. Кавказ халықтарының Қазақстанға күштеп көшірілуінің мәселесі.

        

Алғыс айту күні – ол, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің жариялаған бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере біұханбетқалиевалді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

Осы топтың студенттері Мұханбетқалиева Милана «Корей халқының Қазақстанға жер аударылуы», Нарикова Маржан «Қазақстанға неміс халқының жер аударылу тарихы», Тағайбек Аяна «Кавказ халықтарының Қазақстанға күштеп көшірілуінің мәселесі» атты тақырыптарда баяндама жасады.

Оразақын Асқар «Балбырауын» күйін, Кличханова Жібек «Үш бақытым», Қаирмағамбетова Томирис Мұқағали Мақатаевтың «Отан» туралы өлеңін, Мысырқызы Мәдина «Алтын бесік» әнін орындады.

Іс-шара қызықты өтті. Топ студенттері баяндамалар бойынша өз ой-пікірлерін білдірді. Іс-шараның сценарийін топ старостасы Айтбекова Арайлым бастап, өздері жасады және жүргізді. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәнінің оқытушысы С. Смағұлов баяндамалар бойынша қорытындылар жасап, ой-пікірлерін айтып, осы күннің тарихи маңызын, маңызды орны мен рөлін айқындады.

Ары қарай оқу >>

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Қаражан Қуанышбек Сүлейменұлының туғанына 75 жыл толуына орай «Тәуелсіздік кезеңіндегі Отан тарихының өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

24.02.2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Тарих факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасы 2022 жылы 24 ақпанда тарих ғылымдарының докторы, профессор Қаражан Қуанышбек Сүлейменұлының туғанына 75 жыл толуына орай «Тәуелсіздік кезеңіндегі Отан тарихының өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Конференция мақсаты –  Мерей той иесінің отандық тарих ғылымы мен тарихнамасының дамуына қосқан үлесін зерделей отыра және қазіргі кезеңдегі отандық тарих ғылымының өзекті мәселелерін талқылау болып табылады. Конференцияның жұмысы барысында профессор Қуанышбек Сүлейменұлының өмірі мен ғылыми шығармашылығы, замандастары мен шәкірттерінің естеліктері, ғалым дамуының отандық тарих ғылымы мен тарихнамасына қосқан үлесі,  қазіргі кезеңдегі отандық тарих ғылымының даму бағыттары талқыланды. Сонымен қатар отан тарихының саяси, мәдени және әлеуметтік-экономикалық мәселелеріне қатысты жүргізілген ғылыми ізденістердің  тұжырымдары сарапталды. Конференция жұмысына  отандық жетекші және жас тарихшы мамандар,  қоғамтанушы ғалымдар, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері,  БАҚ өкілдері қатысты.

Ары қарай оқу >>

22 ақпан күні сағат 12:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих факультетінде «Қаржы пирамидаларын нарықтың нақты мүмкіндіктерінен қалай ажыратуға болады» тақырыбында кездесу өтеді

21.02.2022

22 ақпан күні сағат 12:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих факультетінде «Қаржы пирамидаларын нарықтың нақты мүмкіндіктерінен қалай ажыратуға болады» тақырыбында кездесу өтеді. Жиналыс спикері әр жылдары «Қаржы консалтинг» ЖШС Қадағалау кеңесінің құрылтайшысы және төрағасы, Қазақстан қор биржасының бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директоры және басқарма мүшесі (2016-2020), «Нұрбанк» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары (2013-2016) қызметтерін атқарған Қайрат Жұмабекұлы Тұрмағамбетов.

Ары қарай оқу >>

Алматы қаласында Алматы жаңа технологиялар колледжінде «Сыр сұхбат» тақырыбында профессор Б.С. Сайланның қатысуымен колледж студенттерімен кездесу өтті.

11.02.2022

Бұл күнгі кездесу Ауған соғысы ардагерлерімен болды. Студенттерге соғыс және оның қасіреті, бейбіт өмірдің тыныштығы мен оның қымбаттығы, Отанымызда жастар арасында патриотизм үлгісі қалай жүріп жатқандығы, жастарды Отансүйгіштікке тәрбиелеудегі атқарылып жатқан іс-шаралар туралы маңызды мәселелер кездесу тақырыбына арқау болды.

Кездесу барысында колледж студенттеріне әл-Фараби атындағы ҚазҰУ туралы және осы оқу орнына оқуға келу туралы әңгімелер айтылды.

Ары қарай оқу >>

Алматы қаласында «Ауған соғысының ақиқаты» тақырыбында полиция қызметкерлерімен кездесу өтті.

10.02.2022

Кездесуге Ішкі істер органдарының мемлекеттік күзет қызмет басқармасының полиция қызметкерлері қатысты.

Бұл кездесуде профессор, т.ғ.д., Болат Сайлан полиция қызметкерлеріне Ауған соғысы мен оған қазақстандықтардың қатысуы туралы әңгіме өткізді. Бұл кездесуде Ауған соғысының қасіреті мен қырғыны, адам және техникалық шығындар мен қан кешті оқиғалар, тұтқынға түскендер мен із-түзсіз жоғалғандар туралы айтылды.

Бүгінгі таңдағы Ауған соғысы ардагерлерінің жай-күйі мен олардың Отандық патриотизмге қосып жүрген үлесі туралы да әңгімелер қарастырылды.

Полиция қызметкерлерінің Ауған соғысындағы қазақстандықтардың ерлігі мен шығыны жайында қойылған сұрақтарына мағыналы жауаптар қайтарылды.

Сөз соңында жас полицейлерге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға оқуға түсіп, білім алуға шақырылды.

Ары қарай оқу >>

Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Болат Санабайұлы Сайлан "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2021" байқауы жеңімпаздарының бірі атанып ҚР Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетовтың қолынан марапат алды

02.02.2022

Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Болат Санабайұлы Сайлан "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2021" байқауы жеңімпаздарының бірі атанып ҚР Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетовтың қолынан марапат алды. Құтты болсын!

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к., Қозғамбаева Г.Б. профорентация бойынша 23.12.21 күні Алматы қаласы Бостандық ауданы № 88 Жалпы білім беретін мектептің бітіруші 11 сынып түлектерімен онлайн форматында кәсіптік бағдар өткізді.

23.12.2021

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к., Қозғамбаева Г.Б. профорентация бойынша 23.12.21 күні Алматы қаласы Бостандық ауданы № 88 Жалпы білім беретін мектептің бітіруші 11 сынып түлектерімен онлайн форматында кәсіптік бағдар өткізді.

Ары қарай оқу >>

2021 жылы 9 желтоқсанда Алматы жаңа технологиялар колледжінің 2-3 курс студенттеріне арналған кәсіби бағдар жұмысы бойынша Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ- нің Қазақстан тарихы кафедрасының профессор м. а. У.М. Джолдыбаевамен кездесу өтті

09.12.2021

2021 жылы 9 желтоқсанда Алматы жаңа технологиялар колледжінің 2-3 курс студенттеріне арналған кәсіби бағдар жұмысы бойынша Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ- нің Қазақстан тарихы кафедрасының профессор м. а. У.М. Джолдыбаевамен кездесу өтті. Кездесу ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өткізілгендіктен, студент жастарға мамандық таңдауда жиі кездесетін сауалдарына тұщымды жауап берілді. Кездесу колледж студенттерінің концерттік бағдарламасына ұласты.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының ұстаздары Ахметжанова Ажар Тоқсанқызы т.ғ.к., доцент, Тасилова Назия Айтбаевна т.ғ.к., доцент, Байдавлетова Мадина Досбергенқызы PhD докторы, доцент, Искакова Ғалия Зейділдаевна - PhD докторы, кәсіптік бағдар беру мақсатында

07.12.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының ұстаздары Ахметжанова Ажар Тоқсанқызы т.ғ.к., доцент, Тасилова Назия Айтбаевна т.ғ.к., доцент, Байдавлетова Мадина Досбергенқызы PhD докторы, доцент, Искакова Ғалия Зейділдаевна - PhD докторы, кәсіптік бағдар беру мақсатында 7 желтоқсан 2021 сағат 11.00–11.50-де Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле би ауылындағы Мұқағали Мақатаев атындағы орта мектеп оқушыларымен «Тәуелсіздік - еліміздің баға жетпес байлығы» тақырыбында онлайн кездесу өткізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда әлем картасында жаңа жас Қазақстан Республикасы пайда болды. Бұл сан ғасырлық тарихымызда ата-бабаларымыз аңсаған арманы еді. Бүгінгі Қазақстан аумағында өмір сүрген ежелгі Сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы мемлекеттері, ортағасырлардағы Түркі империялары, Алтын Орда, Ақ Орда - мемлекеттілігіміздің тарихи бастаулары десек, Қазақстан Республикасы осы мемлекеттер мен империялардың заңды мұрагері бола отырып, өзінің тәуелсіздігін қайта қалпына келтірген, ешқандай елді қайталамайтын қазақстандық дара даму жолын жүзеге асырып келе жатқан іргелі ел.

Еңсемізді тіктеп, егемен ел атанып, өз алдына отау тігіп дербес мемлекет атанған Қазақстан қаншама қиындықтарға жолықса да тастай берік төзімділіктің арқасында, жалпақ әлемге өзінің өршіл үнін, өркениетке деген үмітін мойындатты. Біздің тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихындағы барлық жетістіктері, қазақ халқының егеменді заманда жаңаша ерекше өрлеуі, өркендеуі, рухани-экономикалық еркіндігіміз, әлемдік қоғамдастық пен дүние жүзінің дамыған озық мемлекеттерімен тереземіз тең, дәулетті елдермен бірдей қарым-қатынас жасау жетістіктеріміздің барлығының алтын бастауы – біздің мемлекеттің Тәуелсіздігінде.

Ары қарай оқу >>

2021 жылғы 6 желтоқсанда Алматы облысы Іле ауданы Ы. Ноғайбаев атындағы 18 орта мектебі 10-11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар жұмысы жүргізілді

06.12.2021

2021 жылғы 6 желтоқсанда Алматы облысы Іле ауданы Ы. Ноғайбаев атындағы 18 орта мектебі 10-11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар жұмысы жүргізілді. Кездесуге Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасы профессор м. а. У. М. Джолдыбаева, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті аға оқытушысы, филология магистрі А. Аубакирова қатысты. Кездесуге қатысқан студенттер мамандық таңдауға қатысты сұрақтарға жауап берді. Кездесу ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қатар өткізілгендіктен, Елбасының “ Ұлы даланың жеті қыры” мақаласы талқыланды.

Ары қарай оқу >>