Студенттік өмір.

 

"Электронды аударма құралдарының пайдалы тұстары мен кемшіліктері" -атты тәрбие сағаты

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің отыз жылдық мерейтойына орай өткізіліп жатқан шаралар шеңберінде Дипломатиялық аударма кафедрасының аға оқытушысы Жанұзақова Гулмира мен ф.ғ.к Смағұлова Әйгерім ф.ғ.к, аудармашы Бақытов Айтқалидың қатысуымен "Электронды аударма құралдарының пайдалы тұстары мен кемшіліктері" атты тәрбие сағатын ұйымдастырды. Тәрбие сағаты барысында аудармашы Бақытов Айтқали Тәуелсіздік жылдарында "«БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» бағдарламасы шеңберінде шет тіліне аударылған қазақ жазушылары мен ақындарының туындыларына, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарды дамыту бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында қазақ тіліне шетел тілдерінен аударылған еңбектер туралы қысқаша баяндады. Сонымен қатар, аударма барысында электронды аударма құралдарын қолданудың пайдалы тұстары мен кемшіліктері туралы дәріс оқыды. Студенттер баяндамашыға сұрақтар қойып, өз ой пікірлерімен бөлісті.

 

 

Франциядан келген профессор Рафаэль Файзон біздің факультет студенттерімен дәріс конференциясын өткізді.Бүгін олар көптеген мәселелерді талқылады.Келесі жолы олар "саясаттағы әйелдер "тақырыбында сөйлеседі Қазір ол француз тілінде студентпен конференция өткізіп жатыр

 

 

2021 жылдың 23-ші ақпан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетнің Халықаралық қатынастар факультетінің «Әлемдік экономика» мамандығының 2-курс студенттерімен «Менің пірім Сүйінбай» тақырыбында Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуы мерейтойына орай онлайн дөңгелек үстел болып өтті.

     Дөңгелек үстел топ эдвайзері А.С.Смагулованың баяндамасынан бастау алып,ары қарай қазақ тіліндегі Жұмағалиева Лауланың Жамбыл Жабаевтың өмірі мен өнері туралы дайындаған презентациясымен жалғасты.Одан әрі орыс тілінде Берденова Дарина көптеген мәліметтермен бөлісті. Дөңгелек үстел әдеттегідей,үш тілде жүріп өтті.Ағылшын тілінде Нұрғазы Сымбат баяндама жасай отырып,Жамбыл Жабаевтың өлеңдері мен шығармашылығын,қазақ әдебиетіндегі ойып алар орнын атап өтті.

     Дөңгелек үстел барысында топ студенттері өздерінің ой-көзқарастарын жан-жақты дамытты.Жамбыл Жабаевтың әр өлеңі-халыққа,болашақ ұрпаққа өшпес мұра!

 

 

2021 жылдың 1-ші ақпан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетнің Халықаралық қатынастар факультетінің «Әлемдік экономика» мамандығының 2-курс студенттерімен «Бір дыбыс-бір әріп қазақ әліпбиінің латын әліпбиіндегі жаңа нұсқасы» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстел топ эдвайзері А.С.Смагулованың баяндамасынан қазақ латын әліпбиінің қалыптасу тарихы туралы және негізгі кезеңдері туралы бастау алып, ары қарай орыс тілінде Ерболова Гульжанат көптеген мәліметтермен бөлісіп, дайындаған презентациясымен жалғасты.Одан әрі қазақ тіліндегі Жұмағалиева Лауланың латын әліпбиі туралы ойы айтылды. Дөңгелек үстел әдеттегідей,үш тілде жүріп өтті.Ағылшын тілінде Жұмабаева Диана баяндама жасай отырып, артықтылықтары мен кемшіліктеріне шолу жасады. Онлайн дөңгелек үстел барысында латын әліпбиі жан-жақты талданып,студенттердің көзқарастары тыңдалынып,әліпби жайлы баяндалды.

     Дөңгелек үстел барысында топ студенттері өздерінің ой-көзқарастарын жан-жақты дамытты.Бірі қолдап жатса,бірі кемшіл тұстарын нақты дәйектермен дәлелдеу арқылы көзге түсті.

   Латын әліпбиіне кіру - әлемдік ғылыми, тілдік кеңістікке кіру үшін қажет. Бұл басқасын айтпағанда, түркі халықтарына ортақ әріп. Сонымен қатар, әріп қолданысы қазақ тілінің фонетикасына үйлесімдірек болып табылады. Біз, әлемдік ғылым мен технологияны, экономиканы игеру үшін ағылшын тілін үйреніп келеміз. Латын әліппесі сол тілді игеруге негіз, тиімді алғышарт болары сөзсіз. 

 

 

 

 

Тәуелсіздік – бәрінен қымбат

2021 жылдың 18 қаңтар күні ХҚ-95 тобында «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты жарияланған "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" деп аталатын мақаласын студенттерге насихаттау және сол мақалада жазылған бағыт-бағдарды түсіндіре отырып студенттерді отансүйгіштікке, патриоттық пен білімге шақыру. Тәрбие сағаты Zoom платформасында 12 студенттің қатысуымен өтті. Топ эдвайзері Әйгерім Ақтас мақалаға қысқаша сипаттама жасап, әр студенттің жеке пікірін тыңдады. Топ белсендісі Мырзағали Шапағат Президент мақаласының жастарға бағыт-бағдар берудегі маңызы зор екенін, және Қазақстанның болашағы үшін алаңдайтын әр студент мақалын зер залып оқу керектігін алға тартты. Сонымен қатар, Отжанов Әділжан қазақ тілінің мәртебесі жайлы жазылған тұсты терең талдап, өз пікірімен бөлісті. Тәрбие сағаты соңында топ эдвайзері Ақтас Әйгерім студенттерге алғыс айтып, белсенді қатысқан студенттерді алғыс хатымен марапаттады.

 

 

 

Биыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті өзінің 25 жылдығын атап өтуде.Біздің факультеттің түлектері де осындай үлкен шараға қатысты.Гүлнар Кәріпбаева Батыс Қазақстан телеарнасында осы іс-шараға арналған теледидар бағдарламасын ұйымдастырды, бұл аймақ түлектері - Дархан Сагидуллин, Айдар Нұралиев, Әділ Түменов, Марат Ержанов, Назгүл Сембиева, Адемгүл Оралова.Олар студенттік өмірді, ұстаздарын еске түсірді ....

 

 

Ашық сабақ өткізу туралы

  Дипломатиялық аударма кафедрасы 2020-2021 оқу жылы

Ашық сабақ өткізу туралы есеп 2020 жылдың 2 желтоқсанында "БАҚ қоғамдық - саяси тақырыбы" пәнін оқыту шеңберінде "Аймақтану" мамандығы бойынша 3 курс студенттері ф.ғ.к., кафедраның аға оқытушысы А. С. Смағұлова "Election in the World"тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабаққа дипломатиялық аударма кафедрасының оқытушылары,кафедра меңгерушісі,оқу-әдістемелік жұмыс кафедрасының меңгерушісі С. Сағидолдин, аға оқытушы Г. К. Жантілеуова, аға оқытушы Д. Б. Мәдиева, аға оқытушы Р. М. Рахимбаева қатысты.

     Оқытушы сабақ тақырыбы бойынша презентация дайындады.   Сабақ аралас болды. Бұл сабақта бақылау, білімді қалыптастыру, білімді бекіту және жетілдіру, дағдыларды қалыптастыру, оқу нәтижелерін жинақтау, үй тапсырмасын анықтау біріктірілді.

     Ашық сабақтың құрылымы келесі кезеңдерді қамтыды: ұйымдастырушылық кезең, сыни ойлау мәселелері, мақсат қою, білімді жаңарту, білімді енгізу, білімді жалпылау және жүйелеу, қашықтықтан және шығармашылық типтегі міндеттерді орындау, оқуды қорытындылау. Сабақ пәннің силлабусына сәйкес келді.

     Білім беру, дамыту және тәрбиелік мақсаттар қойылды. Студенттер президенттік сайлау туралы ақпаратқа, оқытылатын тілдің мәдениеті мен тіліне, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жаңалықтарға қызығушылық танытты. Ашық сабақ өте сапалы ұйымдастырылды. Алғашқы минуттардан бастап студенттердің назары Election in the USA and UK тақырыбы бойынша белсенді жұмыс қызметіне бағытталды.

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі, профессор А.С. Сейдикенова Женева университетінде (Швейцария) дәріс оқып қайтты. 

2018 жылдың 8 - 17 желтоқсан аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Халықаралық қатынастар факультеті, дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі, Фрибург университетінің (Швейцария) пост-докторанты (2012-2014) профессор Сейдикенова Алмаш Смайылқызы Женева университетінің (Швейцария) арнайы шақыртуымен “Білім беру және психология” факультетінің докторанттары мен магистранттарына дәріс оқыды және профессорлық-оқытушы құрамына “Болон процесін қабылдағаннан кейінгі Қазақстанның білім беру жүйесі: жетістіктері мен кемшіліктері” тақырыбында көпшілік конференция өткізді.

Сондай-ақ аталған факультеттің профессоры Абделжалил Аккаримен бірлескен жоба бойынша жұмыс жасады. Женева университеті дүние жүзіндегі үздік университеттер қатарына кіреді. QS World Universities Rankings бойынша 108-орында.

Профессор Сейдикенова Алмаш Смайылқызы осы іссапарында Женева университетінің басқа да факультеттерінің профессорларымен кездесіп, байланыс орнатты. 77 жылдық тарихы бар мамандандырылған арнайы ілеспе аудармашылар даярлайтын “Ауызша және жазбаша аударма” факультетінің халықаралық қатынастарға жауапты, профессоры Оливье Демисси-Казеймен кездесті (Dr. Olivier Demissy-Cazeilles).

Профессор А.С. Сейдикенованың Женева университетінде өткізген дәрістері шетелдік әріптестері тарапынан жоғары бағаланып, 2019- жылдың маусым айында магистранттар мен докторанттарға тағы да дәріс оқуға шақырту алып отыр. Іс сапар соңында Женева университетінде дәріс оқығанын растайтын арнайы сертификатқа ие болды.