2018 жылғы 9 маусым, Жапония, Гифу қаласы.

09.06.2018

Көрулер: 3810

2018 жылғы 9 маусым, Жапония, Гифу қаласы.

Ермакова Анастасия - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- нің медицина факультетінің «ФКиС» мамандығының бірінші курс студенті, жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының жүлдегері атанды. Қазақстандық спортшы күміс медальді жеңіп алды.

Ермакова 3,60 есебімен күміс жүлдегер атанды. Өткен жылы ол жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 3,70 алып, төртінші орынды иеленген.

Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты. Гифу, 9 маусым. Таяқпен секіру, жасөспірімдер:

1. Цзоченг U (Қытай) - 4.00 метр;

2. Анастасия Ермакова (Қазақстан) - 3.60;

3. Чиа-Джо Ву (Тайбэй) - 3.60.

Құттықтаймыз!

Спорт клубы