"KazNU League " өз бастауын алды!

15.03.2017

Көрулер: 5032

ҚазҰУ тарихында болмаған, ең үздік спорттық жоба өз бастамасына ие болды. 11 наурыз күні осы жобаның салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Ашылудың басын командалар шеруі бастаса, оның жалғасы келген қонақтарға сөз берумен түйінделді. Ашылу салтанатының құрметті қонақтары: «Салауатты өмір салты» орталығының директоры Арещенко А.И., ҚазҰУ Жастар ұйымы комитетінің төрайымы -  Ерниязова А.Ә.,  Co-working орталығының басшысы - Аскеров А.А. жарысқа қатысушыларға ізгі тілектерін айтып, барлық командаларға сәттілік тіледі. Бұл кісілердің бұл турнирға ат салысуы, турнирдың маңыздылығын дәлелдесе керек.    Ашылу салтанатың нүктесін Асқар Аскерұлының әр команданың капитанына капитандық белгілерін тағуыменен аяқталды.

Турнирге 8 команда қатысады. Олар: “Royals”, “FC Dostyk”, “Excalibur”, “LA Galaxy”, “X-Art”, “Mortifer”, “AFC Bournemouth”, “Жеңіс” командалары. Бұл командалар 2 ай көлемінде, сенбі және жексенбі күндері  жақсы нәтижеге жету үшін бір-бірімен кездесу өткізіп, шын мықтыны анықтайтын болады.

 11.03.17 күні турнирдың алғашқы туры аяқталды. Бұл тур көрермендерді қызық ойындарымен және көп голдарымен  қуантты.