Кафедраның тарихы

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ректорының №444 02.12.204 ж. бұйрығына сәйкес   «Университет құрылымына өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылы 2 желтоқсанда эпидемиология және гигиена кафедрасы құрылды. Бірінші жетекші  - м.ғ.д., профессор Сапарбеков М.К.     ( 2016 жыл  қаңтар-шілде). Кәзіргі танда кафедра меңгерушісі - м.ғ.д., профессор Табаева А.A.          Кафедраның негізгі құрылымында тәжірибелі, білікті оқытушылар, ғалымдар (медицина ғылымдарының докторлары, медицина ғылымдарының кандидаттары) қызмет атқарады .

 

Кафедраның мақсатты:

- денсаулық сақтау саласындағы бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау;;

-инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;

-компьютерлік технологияларды қолдана отырып ғылымның заманауи жетістіктері негізінде оқу материалдарын әзірлеу;

 -халықаралық жақын және алыс шет мемлекетерімен ұлттық қәсіби қоғамдастылық арқылы  ұйымдарымен және ғылыми зерттеу оқу орындарымен байланысты дамыту ;

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және емдеу-профилактикалық ұйымдарымен іскерлік серіктестік жүргізу;

- әлемдiк өркениеттiң ең жақсы жетiстiктерiн қабылдауға, өзгерiске және өзгерiске дайындығы бар оқушыларды ұлттық мәдениет негiзiнде тәрбиелеу.

Мамандарды дайындау үшін кафедрада кредиттік технология аясында көп деңгейлі жүйені енгізу: Бакалавриат (емдеу-профилактикалық іс) – Бакалавриат (қоғамдық денсаулық сақтау) Магистратура (емдеу- профилактикалық іс). Сонымен қатар кафедрада даярлау мен қайта дайарлау  бойынша Қазақстан Республикасына керек мамандықтарды даярлайды олар эпидемиология, гигиена, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, алдын алу және инфекциялық және инфекциялық емес аурулар мамандықтары кіреді.

Кафедра өз қызметіде әл-Фараби атындагы ҚазҰУ-де Академиялық саясатка басшылық етеді (2015). Мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына сәйкес білім беру Қазақстан Республикасының бакалавриат бойынша (емдеу-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау), магистратура (емдеу-профилактикалық іс).Білім беру бағдарламалары ASIIN халықаралық агенттігімен аккредиттелген.

Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ-ті бакалавриат сертификат ASIIN профилактикалық медицина

Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ-ті магистратура  сертификаты  ASIIN профилактикалық медицина