G-Global «Ай тұлғасы» - ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті

01.04.2015

G-Global «Ай тұлғасы» - ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

«G-Global: тұрақты даму мәселелері мен келешегі» – осындай атаумен G-Global «Ай тұлғасы», Еуразиялық экономикалық ғалымдар клубының бірінші вице-президенті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз конференциясы аясында G-Global жобасын іске асыруға бағытталған шаралар бастау алады, сонымен қатар, ҚазҰУ жанынан ашылған ЮНЕСКО UNITWIN тұрақты даму бағдарламасы бойынша Орта Азиялық хабының тұсаукесері өтті. Шараға сонымен қатар БҰҰ-ның Қазақстандағы қоғамдық ақпарат департаментінің өкілі В.Самек, ЮНЕСКО-ның Алматы қ. Кластерлік бюросының байланыс және ақпарат бөлімінің басшысы С.Карпов, Еуразия экономикалық ғалымдар клубының мүшесі, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры академик Т.Есполов, ҚазҰУ-дың Бірінші проректоры М.Бүркітбаев қатысты.

«Ай тұлғасы» жобасына қатысудағы ҚазҰУ-дың басты мақсаты түрлі елдердің ғылыми-білім беру қоғамдастығы әлеуетін жемісті ынтымақтастық орнату, әлеуметтік-экономикалық, геосаяси, мәдени, демографиялық және тағы басқа сұрақтар бойынша пікір мен тәжірибе алмасу үшін G-Global платформасында біріктіру болып табылады.