«Наурыз - көктемнің жаңару мерекесі»

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде 2017 жылдың 4 сәуір күні Ұлыстың Ұлы Күні Наурыз мерекесін тойлауға арналған «Наурыз - көктемнің жаңару мерекесі» атты салтанатты іс-шара өткізілді. Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының доценті, топ эдвайзері Балаубаева Бинұр Мұратқызының ұйымдастыруымен Халықаралық қатынастар мамандығының 3 курс студенттері құттықтаулар мен ән-биден шашу шашып, мерекелік іс-шара өткізді. Меркелік іс-шараның негізгі бөлімі қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттауға арналды. Оқытушылар мен студенттер арасында ұлттық ойын «асық» ойнатылды, әсем ән шырқалып, күмбірлеген күй тартылды. Ұлттық биіміз Қаражорға биін ұйымдастырушы студенттер мен көрермен профессорлар мен оқытушылар бірге билеп ерекше көңілде болды. Мерекелік шараның соңында дастархан жайылып, наурыз көже таратылды. Іс-шара қонақтары ізгі-тілектерін білдіріп, шексіз алғыстарын айтты. Соңында естелік суретке түсірілді.


Басылым күні :  06.04.2017