«Ядролық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық студенттік дөңгелек үстел

2017 жылдың 13 наурызында Халықаралық Қатынастар факультеті, Әл Фараби атындағы ҚазҰУ дың Қауіпсіздік және ынтымақтастық мәселелер институты, Токио Ғылым және Өнер колледжі (Жапония) «Ядролық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық студенттік «дөңгелек үстел» өткізді.

Дөңгелек үстелде халықаралық қатынастар факультетінің студенттері және Токио университетінің студенттері презентацияларын ұсынды.

Токио университетінің студенттері бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағына барған әсерлерімен бөлісті.

Талқылау барысында студенттер бірлескен Ядролық қауіпсіздіктің мәселелеріне қатысты декларация қабылдады.

Басылым күні :  14.03.2017