Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті жанындағы БҰҰ Ресурстық аймақтық орталығы және БҰҰ қоғамдық ақпаратының департаменті Алматы қаласында Халықаралық БҰҰ бітімгершілік күніне арналған дөңгелек үстел өткізді

"БҰҰ-ның бітімгершілік миссиялары және Қазақстанның үлесі" атты дөңгелек үстелі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті жанындағы БҰҰ Ресурстық аймақтық орталығы және БҰҰ қоғамдық ақпаратының департаменті Алматы қаласында Халықаралық БҰҰ бітімгершілік күніне арналған дөңгелек үстел өткізді Іс-шараға әскери-саяси қайраткерлер, сарапшылар, БҰҰ өкілдері мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, KIMEP және Alma University студенттері қатысты.

Халықаралық БҰҰ бітімгершілік күнінің 2016 жылғы тақырыбы: "Біздің батырларымызды мадақтайық". Бұл күн БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау мақсатындағы операцияларының құрамында қызмет істеген "көгілдір каскалар" бітімгерлерге құрмет, сонымен қатар 1948 жылдан бері қаза болған 3400 бітімгерлерді, олардың ішінде өткен жылы қаза болған 128 бітімгерлерді, еске алу күні ретінде атап өту ұсынылған. Қазіргі уақытта әлемнің 4 бұрышында 16 бейбітшілік сақтау операцияларында 124 мыңнан астам әскери қызметкерлер, полицейліктер өз міндеттерін орындауда.

Дөңгелек үстелде Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Дубовцев Георгий Федорович өзінің баяндамасында БҰҰ-ның бітімгершілік миссияларды Қазақстанның тәжірибесі туралы баяндады. «Халықаралық бітімгершілік қарулы қақтығыстарды шешу құралы ретінде маңыздылығы Қазақстан Республикасының 2000, 2007 және 2011 жылдары қабылданған саяси доктриналарында өз орнын тапты. Саяси доктриналарда бітімгершілік операциялары қарулы күшті, басқа әскерді қолданудың бір формасы ретінде қарастырылады». Сарапшының айтуынша, белсенді бітімгершілік қызмет мемлекеттің халықаралық беделінің өсуіне ғана емес, сонымен қатар әскери-саяси орнын және халықаралық қатынаста Қазақстанның мүддесін көтеруге және оның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды.

Қазақстанның бітімгершілік сақтау мен халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қалпына келтіру бойынша Қазақстанның қатысу сипаты, ережелері мен формалары халықаралық құқық нормалары мен Қазақстан Республикасының 2015 жылы 15 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы заңы» мен халықаралық міндеттемелер, келісімдер негізінде сипатталады. Сонымен қатар Дубовцев Г.Ф. Қазақстанның алдағы бітімгершілік қызметі бағытында бірнеше ойларымен бөлісті.

Студенттер арасында бітімгершілік қызметінде жұмыс істеген полковник Жакупов Руслан Базарбекұлының баяндамасы қызығушылық тудырды. Полковник Жакупов Р.Б. БҰҰ миссияларына бірнеше рет қатысып, өзінің тәжірибесімен, бітімгер болу үшін қазақстандық әскери қызметкерлердің қандай кезеңдерден өту қажет, сонымен қатар бойында қандай қасиеттер болу керек екені туралы бөлісті: «Ең алдымен, бітімгершілік операцияларына үздік қызметкерлер алынады. Сайыста бір орынға 130 адам ниетін білдіреді. БҰҰ ресми тілдерін білумен қатар, дене даярлығы мен мемлекеттің мәдениеті туралы білу де қажет. Әрбір бітімгер мемлекет атынан елші ретінде үлкен жауапкершіліктің маңыздылығын түсіну керек».

Сонымен қатар, полковник Жакупов Р.Б. бітімгершілік миссияларына офицерлерді даярлайтын «Бейбітшілік үшін әріптестік» атты оқу орталығының жұмысы туралы баяндады: «Біздің оқу орталығымыз Орталық Азия бойынша НАТО тарапынан ресми қабылданған бір орталық. Қазіргі таңда ҚАЗЦЕНТ оперативті мүмкіншіліктерді және ҚАЗБРИГ бітімгершілік бригадаларымен әріптестікті көтеру,

Орталық Азия мәдени хабаршысы қызметінде халықаралық бірлестік ретінде қарастырылады».

Дөңгелек үстелде студенттер аса қызығушылықпен бітімгершілік миссияларға әйел адамның рөлі, бітімгер қызметіне қабылдану кезеңдері, миссияларды қаржыландыру көздері сияқты сұрақтар қойды. Халықаралық қатынастар факультетінің деканы Шакиров Каримжан Нурумұлы кездесуді қорытындылай, әскери қызмет, бітімгершілік және басқа да бағыттағы қызметтер және жоғары оқу орындарының түлектерін жұмысқа қабылдау мүмкіншіліктері туралы ақпарат бөлісу мақсатында және жүйелі түрде студенттер, профессорлар мен әскери бірлестіктер арасында кездесулер ұйымдастыруды ұсынды.

Айта кететін жайт, БҰҰ Бас Ассамблеясының 2002 жылдың 29 мамырынан № A/RES/57/129 Резолюциясы негізінде Халықаралық бітімгершілік күні болып қабылданды. Бітімгершілік – БҰҰ мемлекеттер арасында қақатығыс шешу жолдағы көпұлттық әскери күш қолдану. Бітімгершілік операциялары соғыс әрекеттерін тоқтату режимін сақтау мен қақтығысушы тараптар арасында буферлік зона орнату жолындағы үшінші тараптың рөлін атқарады. Жыл сайын атап өтетін Халықаралық БҰҰ бітімгершілік күні мейрамы дүниежүзінде тұрақтылық сақтау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінің маңыздылығын айқындайды.

Басылым күні :  01.06.2016