Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Халықаралық қатынастар факультетінің жанындағы БҰҰ-ның Ресурстық аймақтық орталығы және Орталық Азиядағы БҰҰ-Әйелдер көп-елдік бөлімшесі (Қазақстан) гендерлік мәселеге қатысты кезекті шараны ұйымдастырды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Халықаралық қатынастар факультетінің жанындағы БҰҰ-ның Ресурстық аймақтық орталығы және Орталық Азиядағы БҰҰ-Әйелдер көп-елдік бөлімшесі (Қазақстан) гендерлік мәселеге қатысты кезекті шараны ұйымдастырып отыр. Дөңгелек үстелдің мақсаты - «He For She» қозғалысының Қазақстанда, әсіресе ҚазҰУ-да әрі қарай дамыту және қолдау мәселелерін талқылап шешу.

«Гендерлік теңсіздік қазіргі таңда адам құқықтарын бұзуының ең таралған түрі болып қалады. Көп жыл арасындағы өткізіліп жатқан белсенді жұмыс бағдарламасына қарамастан, әйелдер/қыздар мен еркектер/ұлдар арасындағы теңсіздк бүкіл әлемде бұрыңғы қалпында қалуда», - деп БҰҰ-Әйелдер көп-елдік бөлімшесінің маманы Айжамал Дүйшебаева ханым өзінің көзқарасын белгілеп сұхбатты бастады. Оның айтуы бойынша, «гендер тақырыбы ауқымды, сондықтан мемлекеттің дамуы қандай болса да, шешілмеген сұрақтар бәрі бір көп».

БҰҰ-Әйелдер «He For She» ұранды гендерлік теңдікті қолдауға арналған ынтымақтастық қозғалысын 2014 жылда адамзаттың бір бөлігін екінші бөлігіне ортақ игілікке біріктіріп, гендерлік теңдікке жәрдемдесу үшін бастаған. Кампанияға АҚШ президенті Барак Обама; БҰҰ-дың Бас Хатшысы Пан Ги Мун, Халықаралық олимпиялық комитетінің президенті Томас Бах, Еуропа Кеңесінің Бас Хатшысы Турбьёрн Ягланд, Кения президенті Ухуру Кениата, Швеция премьер-министрі Стефан Лёвен секілді атақты тұлғалар осы қозғалысқа бірден қатысты.

Қазақ ұлттық университеті факультеттерінің декан орынбасарлары, БҰҰ-Әйелдер мен БҰҰ-дың Қоғамдық ақпарат департаменті және студенттер гендерлік теңсіздікке қатысты дөңгелек үстел барысында бір-сыпыра сұрақтарды талқылады. Әйел мен дін, әйелдің жұмысында жиі кездесетін «әйнек төбе», үйдегі озбырлық және гендерлік саладағы зерттеу қиыншылықтары секілді сұрақтар қатысушыларды өте қызықтырды. Қатысушылардың өздерінің айтуы бойынша сондай қызығушылық түрлі салалардың мамандарынын, яғни халықаралық қатынастар, шығыстану, медициналық, дайындық факультеті, биология, философия және политология сияқты факультеттері, бір үстел басында жиналып, сан жақтардан қарастырып отырғаны. Жиналысты қортындыра отырып, қатысушылары бірегей жоспар жасап, студенттерді қызықтырып, қызығушылығын ояту үшін жаппай шараларды өткізуге болашаққа белгіледі.

Гендерлік теңсіздік мәселесі әйелдерге ғана қатысты емес. Бұл барлықтарымызды - әйелдер/қыздар мен еркектер/ұлдарды ойландыратын адам құқықтары мәселесі. Күнделікті өмірдегі жыныстар теңдігі барлымызға пайдалы қоғамдық, саяси және экономикалық салдарға әкеледі.

Басылым күні :  28.05.2016