«Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми конференциясы (11-13 сәуір 2016 ж.)

Халықаралық қатынастар факультеті Сізді сәуірдің 11-13 аралығында өтетін «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық конференциясына қатысуға шақырады.  

Конференцияға қатысуға ҚР, ТМД және алыс шетел елдерінің студенттері, магистранттары, жас ғалымдары шақырылады.

Конференцияның негізгі мақсаттары мен міндеттері:

1)      студенттерді ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметіне ынталандыру;

2)      студенттер мен жас ғалымдарды қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуге жұмылдыру;

3)      студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашу, дарынды және зерек студенттерді іріктеу және оларға қолдау көрсету;

4)      студенттердің зияткерлік мүмкіндіктерінің қалыптасуына көмектесу.

Конференцияға қатысуға байланысты барлық шығындар қатысушылар тарапынан төленеді.

Конференцияда қазіргі кездегі халықаралық қатынастар, экономика және құқық салаларындағы өзекті мәселелер талқылануы жоспарланған.

Халықаралық конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.

2016 жылдың 11-13 сәуір аралығында өтетін конференция шеңберінде келесідей шаралар өткізіледі:

  • Секциялық отырыстар (11 сәуір)
  • Дөңгелек үстелдер
  • Эссе байқаулары
  • Халықаралық олимпиадалар
  • Плакаттар байқауы
  • Іскерлік ойындар

Конференция материалдарының тезистері жеке жинақта басылып шығады.

Басылым күні :  01.04.2016