Халықаралық қатынастар факультетінде белгілі ғалымдармен, Мичиган мемлекеттік университетінің (АҚШ) өкілдерімен кездесу өтті

17 наурызда Халықаралық қатынастар факультетінде Мичиган (АҚШ) мемлекеттік университетініңөкілдері Норман Грэм және Стив Пуэпкэмен кездесу өтті.

Норман А. Грэм Еуропа, Еуразия және Ресей зерттеу орталығының директоры, жұртшылықпенбайланыс бойынша Джеймс Мэдисон колледжінің (Мичиган штатының университеті) халықаралыққатынастар профессоры болып табылады.

Стив Пуэпке ауыл шаруашылығы және табиғи ресурстар колледжінде жаһандық және стратегиялық бастамалардың директоры, сонымен қатар Мичиган штатының университетінде (АҚШ) зерттеулер және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі вице-президенттің арнайы Кеңесшісі болып табылады.

Кездесу халықаралық қатынастар факультетенің деканы Шәкіров К.Н., зерттеу және инновация және халықаралық ынтымақтастық бойынша деканның орынбасары Деловарова Л.Ф. және факультеттің жетекші проффесоры, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Американ және Демократиялық Зерттеулер орталығының директоры Кукеева Ф.Т. қатысуымен өтті.

Негізгі мәселе ретінде кездесу барысында бакалавриат және магистратура бағдарламалары аясында қос дипломды білім беру дамыту мәселелерін талқылау болды. Сонымен қатар, бірлескен жазғы мектептерді және тұрақты даму мәселесі бойынша он-лайн іс-шараларды өткізу талқыланды.

Кездесу барысында «Фараби оқулары» атты жыл сайынғы ғалымдардың халықаралық форумы аясында "Central Asia: Sustainable Development and Youth" атты бейнеконференцияны 7-сәуірде өткізу мәселелері талқыланды.

Бейнеконференция барысында Скрэнтон университеті (АҚШ), «Американдық кеңестер» ұйымы (АҚШ), Томас университеті (Канада), Назарбаев Университеті (Қазақстан) сияқты басқа серіктестердің қатысуымен тұрақты даму факторы ретінде білім беру жүйесін жетілдіру мәселелеріне негізгі назар аударуға шешім қабылданды. Сонымен қатар, оқулар аясында АҚШ-тың Бас консулдығының қатысуымен бірлескен конференциялар мен семинарлар жоспарланған.

Кездесу қорытындысы бойынша, қос дипломды білім беру бағдарламасын дамыту бойынша ынтымақтастықты нығайту, ақпаратпен алмасу және одан әрі Мичиган университеті мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің арасындағы бірлескен іс-шараларды көбейту арқылы жүзеге асыру керектігі шешілді.

Басылым күні :  30.03.2016