«Қазақстан Республикасындағы дәстүрлі діндер және олардың қоғамдағы ролі» деген тақырыпта ашық эдвайзерлік сағаты өткізілді

10.04.2015 жылы, жұма сағат 15.15-те, халықаралық қатынастар факультеті халықаралық құқық кафедрасы 4-курс «халықаралық құқық-21» тобымен«Қазақстан Республикасындағы дәстүрлі діндер және олардың қоғамдағы ролі» деген тақырыпта ашық эдвайзерлік сағаты өткізілді.

Бұл ашық эдвайзерлік сағатқа себеп болып соңғы уақытта қоғамда, бұқаралық ақпарат құралдарында діни экстремизм мәселесі басты тақырыптардың біріне айналуында . Әсіресе, сарапшылар мен бақылаушылар діни сенім бостандығы туралы заңнаманы қатайту, мәдениетіміз бен тарихымызға жат деструктивті діни секталар мен ағымдарға заң тұрғысынан шектеу қоюды ұсынуда.Бұл билікті де, халықты да ойландырған іс болып отырғандықтан студенттер арасында да осы тақырып аясында аз-кем мәлімет, бағдар берілуі қажет. Қазіргі таңда өз дінінен безіп, өзгенің жетегінде жүрген жастар жетерлік. Бұл жөнінде бабаларымыз «Жүзге бөлінгеннен дінге бөлінген жаман» дейді. «Жастар теріс діни ағымдардың жолына қалай түсіп кетіп отыр. Ол ағымдардан қалай құтылуға болады? Жалған діни ұйымға кірген тұлға кері шыға ала ма?»- сынды және т.б. көптеген сұрақтар талқыланды.

Басылым күні :  24.05.2015