«Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» дөңгелек үстелін өткізді

Халықаралық қатынастар факультеті халықаралық құқық кафедрасы

2015-2025 жылдарға арналған «НҰР ОТАН» партиясының жемқорлыққа қарсы бағдарламасын іске асыру аясында жоғары оқу орындары арасында «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» дөңгелек үстелін өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаттары – жастарды құқықтық тәрбиелеу, жастар арасында азаматтық-патриоттық және жемқорлыққа қарсы құндылықтарды құру.

Халықаралық қатынастар факультетінің деканы з.ғ.д., профессор К.Н.Шакиров және халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі з.ғ.д., профессор С.Ж.Айдарбаев құтықтау сөзімен сөйледі.

Әр түрлі жоғарғы оқу орындар Абай атындағы ҚазНПУ, ҚазНТУ, Алматы Менеджмент Университетінің студенттері қоғамдағы жемқорлықтың пайда болуын алдын алу мәселелері бойынша қызықты презентациялар көрсетті, қылмыстық және әкімшілік заңнамадағы жаңа өзгерістерді талқылады. Іс-шараның соңында плакаттар конкурсы өткізілді, студенттер топтарының арасында пікірталас сайысындағы ең үздік өнер көрсетушілер грамота, сертификаттармен ерекшеленді.

Ұйымдастырушылар: PhD докторы Баймагамбетова З.М., з.ғ.к., доцент Самалдықов М.К.

Басылым күні :  24.05.2015