Студенттерге дәстүрлі шәкіртақы берілді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында жыл сайын берілетін Мәженова Мәрзия Нұрмағанбетқызы және Нуртазинова Дина Нүркенқызы атындағы дәстүрлі ынталандыру шәкіртақысы ұсынылды.

     2021 жылы 3-наурыз төмендегі студенттерге салтанатты түрде табысталды:

1)      1-курс студенті Ашаева Аяжан

2)      2-курс студенті Айнакулова Жадыра

3)      3-курс студенті Шаеке Альбина

4)      4-курс студенті Көпжасар Аяла

Студенттерді марапаттау рәсіміне Шығыстану факультетінің деканы, PhD Ы.М. Палтөре, ф.ғ.д. профессор Г.Е. Надирова, кафедра меңгерушісі П.М. Сулейменов, кафедра меңгерушісінің орынбасары Ф.Т. Жумажанова т.б. оқытушылар қатысты.

Басылым күні :  05.03.2021