Рудакиге арналған ғылыми жиын

2020 жылы 3 қарашада Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы мен Алматы қаласындағы Тәжікстан Республикасының Бас консулдығы ұйымдастыруымен «Тәжік тілі мен мәдениеті» орталығында «Рудаки – классикалық тәжік-парсы әдебиетінің негізін қалаушы» атты тақырыпта онлайн дөңгелек үстел өтті.

Әбу Абдаллах Рудаки – классикалық тәжік-парсы әдебиетінің негізін салушы. Ол – тәжік-парсы классикалық әдебиетінде өзіндік орны бар тұлға.

Жиынға факультет деканы PhD доктор Ықтияр Палтөре, Тәжікстанның Алматыдағы Бас консулы Баходур Назир, Тәжікстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының жанындағы Азия және Еуропа Институтының директоры, философия ғылымдарының кандидаты Ниёзи Ёрмахмад Бобо және осы институттың ғылыми қызметкерлері мен магистранттары, факультетіміздің иран бөлімінің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Жиында Рудакидің өмірбаяны мен поэзиясы және оның поэзиясының зерттелуі мен басқа елдердің әдебиетіне әсері туралы айтылды. Тәжікстанның Азия және Еуропа институты ғылыми қызметкерлері ф.ғ.д. Тоджиддин Нуриддин Мардони «Рудаки және араб әдебиеті», ф.ғ.д. Раджабов Хабибулло «Рудаки біздің замандасымыз», ф.ғ.д. Мирзо Муллоахмад «Тәуелсіздік жылдарында Тәжікстанда Рудакидің зерттелуі», т.ғ.д. Вохидова Санавбар «Еуропада Рудаки шығармаларының зерттелуі» тақырыбында қызықты да әсерлі баяндамалар жасады.

Ал біздің факультетіміз тарапынан PhD доктор Б.Батырхан «Рудаки және қазақ әдебиеті», PhD доктор Г.Құдайбергенова «Иранда Рудаки шығармашылығының зерттелуі» және PhD доктор Ғ.Қамбарбекова «Рудакидің тәрбиелік сипатта жазылған өлеңдеріне қысқаша шолу» атты тақырыптарда баяндама жасап, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтермен бөлісті. Сондай-ақ екі тараптың магистранттары мен студенттері ақын Рудакидің өлеңдерін парсы тілінде оқыды.

Жиын соңында факультет деканы Ы.Палтөре өзінің алғысын білдіре отырып, осындай жиындардың жалғасын табуына тілегін білдірді.

Басылым күні :  11.11.2020