«Лидерлік лекциялар» аясында Әл-Азхар Университеті Шет тілдер және аударма ісі факультетінің профессоры Али Али Шаабан мырзамен кездесу

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ұйымдастыруымен араб тілі ұстаздарына, докторант және магистранттарға арналған шетелдік профессорлардың қатысуымен өтетін «Лидерлік лекциялар» аясындағы кездесуді ұсынып отырмыз. 20 қазан сағат 16.00-де Әл-Азхар Университеті Шет тілдер және аударма істері факультетінің профессоры Али Али Шаабан мырзамен онлайн форматта вебинар жүргізіледі. Вебинар тақырыбы "Әл-Фарабидің өмірі және ғылыми еңбектері". Бұл кездесулердің жалғасы Сауд Арабиясы, Египет, Морокко елдеріндегі Фарабитанушы және шығыстанушы, араб тілінің білікті мамандарымен жалғасын табатын болады. 

Басылым күні :  20.10.2020