«ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ АРАБ ӘЛЕМІМЕН ТІЛ, ТАРИХ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ САЛАЛАРЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСЫ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті және Сауд Арабиясы корольдігі Абдулла Бин Абдулазиз атындағы «Халықаралық араб тілін қолдау орталығы», сондай-ақ басқа да әріптес ұйымдармен бірлесе отырып 2019 жылдың 19-қарашасында«Орталық Азия елдерінің араб әлемімен тіл, тарих және мәдениет салаларындағы байланысы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Адамзаттың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 85 жылдығына, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің 30 жылдығына арналған мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция ҚазҰУ-дің бас кітапханасы – Әл-Фараби кітапханасында өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті ҚР Тұңғыш Президенті Елбасының бастамасымен жүзеге асырылып отырған «Мәдени Мұра», «Халық – тарих толқынында», «Ұлы даланың жеті қыры» мемлекеттік бағдарламалары аясындағы мәдени іс-шараларға өз үлесін қосып келе жатқан бірден-бір факультет.

Конференция Шығыстану факультетінің деканы PhD Ықтияр Палтөренің ресми сөзімен басталып, Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, шығыстану факультетінің негізін қалаған алғашқы деканы Әбсаттар Дербісәлінің құттықтау сөзімен жалғасты. Отандық шығыстану ғылымының негізін салушы, шығыстану факультетінің тұңғыш деканы ғалым Ә.Дербісәлі факультеттің алғашқы құрылған кезеңінен бергі тарихи сәттеріне тоқталып, әр жылдары факультетке басшылық еткен тұлғалардың факультет тарихындағы ерен еңбектерін атап өтті. Сонымен қатар, конференияны ұйымдастырып отырған Шығыстану факультетінің басшысы, PhD Ықтияр Палтөре мен факультет ұжымына, конференцияға келген қонақтарға деген ерекше ықыласын жеткізді.

Конференция аясында қазіргі шығыстанудың өзекті мәселелері мен концепциялары, Орталық Азия елдерінің араб әлемі арасындағы қатынастары тарихи және мәдени контексте қарастырылып, аймақтағы араб мәдениеті мен өркениеті, тілі мен дінінің таралу деңгейі кеңінен сөз болды. Сондай-ақ, 2020 жылы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтетін Әбу Наср әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы республикалық жоспары аясында ұлы ғалымның жазба мұраларының шығыс дереккөздеріндегі орны мен рөлі талқыланды.

Мәдени іс-шара барысында Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, филол.ғ.д, профессор Әбсаттар Дербісәлі, Шығыстану факультетінің деканы PhD Ықтияр Палтөре, Нұр Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің ректоры Мухаммад аш-Шахат Абдулхамид Мухаммад әл-Жинди, Сауд Арабиясы корольдігі «Халықаралық араб тілін қолдау орталығының» профессорлары Бандар ибн Абдул Азиз ибн Фаһд әл-Ғумаиз, Махмуд ибн Абдулла ибн Абдул Азиз әл-Махмуд, Абду әр-Рахман ибн Ражи Аллаһ ибн Тифилан әс-Сулами, Абдулла ибн Ибраһим ибн Осман әл-Хақил, Абдулла ибн Руфуд ибн Рафид әс-Суфиани, Өзбекстан Республикасының ҚР-дағы Бас консулы Аброр Фатхуллаев, Тәжікстан Республикасының ҚР-дағы Бас консулы Баходур Назир, ЕАР мәдени атташесі Ранда Ризқ Махмуд, Ташкент Мемлекеттік Шығыстану институтының проректоры Абдуллаев Нодир, Орталық Мемлекеттік архив директорының орынбасары Жылысбаева Марзия, Алматы қаласының Бас имамы Еркінбек Шоқай және өзге де конференцияға қатысушылар арасында құрылымдық диалог өрбіді. Конференция секция мәжілісі отырысының ғылыми баяндамаларымен жалғасты. Шара барысында «Орталық мемлекеттік архивтың» құнды қолжазбаларының көрмесі мен араб каллиграфиясы туындыларының көрмесі ұйымдастырылды.

 

Картинка не найдена или некорректна

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті және Сауд Арабиясы корольдігі Абдулла Бин Абдулазиз атындағы «Халықаралық араб тілін қолдау орталығы», сондай-ақ басқа да әріптес ұйымдармен бірлесе отырып 2019 жылдың 19-қарашасында «Орталық Азия елдерінің араб әлемімен тіл, тарих және мәдениет салаларындағы байланысы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Адамзаттың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 85 жылдығына, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің 30 жылдығына арналған мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция ҚазҰУ-дің бас кітапханасы – Әл-Фараби кітапханасында өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті ҚР Тұңғыш Президенті Елбасының бастамасымен жүзеге асырылып отырған «Мәдени Мұра», «Халық – тарих толқынында», «Ұлы даланың жеті қыры» мемлекеттік бағдарламалары аясындағы мәдени іс-шараларға өз үлесін қосып келе жатқан бірден-бір факультет.

Конференция Шығыстану факультетінің деканы PhD Ықтияр Палтөренің ресми сөзімен басталып, Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, шығыстану факультетінің негізін қалаған алғашқы деканы Әбсаттар Дербісәлінің құттықтау сөзімен жалғасты. Отандық шығыстану ғылымының негізін салушы, шығыстану факультетінің тұңғыш деканы ғалым Ә.Дербісәлі факультеттің алғашқы құрылған кезеңінен бергі тарихи сәттеріне тоқталып, әр жылдары факультетке басшылық еткен тұлғалардың факультет тарихындағы ерен еңбектерін атап өтті. Сонымен қатар, конференияны ұйымдастырып отырған Шығыстану факультетінің басшысы, PhD Ықтияр Палтөре мен факультет ұжымына, конференцияға келген қонақтарға деген ерекше ықыласын жеткізді.

Конференция аясында қазіргі шығыстанудың өзекті мәселелері мен концепциялары, Орталық Азия елдерінің араб әлемі арасындағы қатынастары тарихи және мәдени контексте қарастырылып, аймақтағы араб мәдениеті мен өркениеті, тілі мен дінінің таралу деңгейі кеңінен сөз болды. Сондай-ақ, 2020 жылы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтетін Әбу Наср әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы республикалық жоспары аясында ұлы ғалымның жазба мұраларының шығыс дереккөздеріндегі орны мен рөлі талқыланды.

Мәдени іс-шара барысында Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, филол.ғ.д, профессор Әбсаттар Дербісәлі, Шығыстану факультетінің деканы PhD Ықтияр Палтөре, Нұр Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің ректоры Мухаммад аш-Шахат Абдулхамид Мухаммад әл-Жинди, Сауд Арабиясы корольдігі «Халықаралық араб тілін қолдау орталығының» профессорлары Бандар ибн Абдул Азиз ибн Фаһд әл-Ғумаиз, Махмуд ибн Абдулла ибн Абдул Азиз әл-Махмуд, Абду әр-Рахман ибн Ражи Аллаһ ибн Тифилан әс-Сулами, Абдулла ибн Ибраһим ибн Осман әл-Хақил, Абдулла ибн Руфуд ибн Рафид әс-Суфиани, Өзбекстан Республикасының ҚР-дағы Бас консулы Аброр Фатхуллаев, Тәжікстан Республикасының ҚР-дағы Бас консулы Баходур Назир, ЕАР мәдени атташесі Ранда Ризқ Махмуд, Ташкент Мемлекеттік Шығыстану институтының проректоры Абдуллаев Нодир, Орталық Мемлекеттік архив директорының орынбасары Жылысбаева Марзия, Алматы қаласының Бас имамы Еркінбек Шоқай және өзге де конференцияға қатысушылар арасында құрылымдық диалог өрбіді. Конференция секция мәжілісі отырысының ғылыми баяндамаларымен жалғасты. Шара барысында «Орталық мемлекеттік архивтың» құнды қолжазбаларының көрмесі мен араб каллиграфиясы туындыларының көрмесі ұйымдастырылды.

 https://www.youtube.com/watch?v=FxU-GQzKEcs&t=92s

 

 

Басылым күні :  23.06.2020