Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы оқытушылары мен студенттері Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы шарасына қатысты

23 сәуір-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында әлемнің жүзден астам елінде миллиондаған адам атап өтетін Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған жыл сайынғы «КІТАПшоу-2024» кітап фестивалі өтті. Фестивальдің мақсаты - оқу белсенділігін арттыру, кітап оқуды қолдау, көркем әдебиетке деген қызығушылықты ояту, жеке тұлғаның ақпараттық сауаттылығын және оқу мәдениетін қалыптастыру.

"Тұрақты даму мақсаттары" (ЦУР) жобасының аясында Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы ирантану бөлімі оқытушылары мен студенттері де осы аталған шараға қатысты. Кітапхананың өнер залында Алматыдағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы және Иран мәдени орталығымен бірлесіп өткізген «Қазақстан – Иран: «Наурызнама – мәдениеттер үндестігі» атты әдеби-тақырыптық кеш өтті.

Иран Ислам Республикасының Алматыдағы Бас консулы Мохсен Фағани мырза құттықтау сөз сөйледі. Шарада Алматыдағы Иранның Бас консулдығы жанындағы Иран мәдени орталығының директоры Хосейн Ағазаде, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты директорының орынбасары Т.Е. Қыдыр, ирантану бөлімінің меңгерушісі А.Ж. Боранбаева, ирантану бөлімінің аға оқытушысы, ф.ғ.к. Ғ.Ә. Қамбарбекова сөз сөйледі. Ирантану бөлімінің студенттері парсы тілінде Наурыз туралы өлеңдер оқыды.

 

Басылым күні :  25.04.2024