Тіл үйренудің шетелдік тәжірибесі

18 сәуір 2024 жылы Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының “Жас ғалымдар кеңесінің” ұйымдастыруымен тұрақты дамудың “Сапалы білім” мақсатына сәйкес араб тілінің оқытушысы, Арабтану орталығының директоры Еркінбек Шоқай “Араб тілін үйренудің тәжірибелік аспектілері (Триполи университетінің үлгісінде)” атты ғылыми-практикалық семинар өткізді.

Ливанның алдыңғы қатарлы Триполи университетінде білім алған білікті ұстаз сол университеттің араб тілін оқыту әдістемесінің негізінде шығыс тілдерін оқитын жас ғалымдар және білім беретін оқытушылармен өзінің тәжірибесімен бөлісті. Құранды арқылы араб тілін меңгеру, тәжірибелік сынақтардың ұйымдастырылуы, аударма жасау, теле-радио бағдарламаларды тыңдап, сараптау, елдегі жаңалықтарды араб тіліне аударып, хабарлама жасаудың тіл үйренудегі маңызды кезеңдер екені түсіндірілді.

 

Бокулева Б.С.

 

Басылым күні :  19.04.2024