Тың тақырыпта өткен ғылыми семинар

Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының аға оқытушысы, Үндістанның Варанаси университетінде PhD докторантура тәмәмдап келген Исмагулова Сымбат ғылыми семинар өткізді. Семинар тақырыбы "Британ отаршылдығы: Нага тайпаларының тарихы. Бұл Қазақстан үндітану саласында ең алғаш рет қозғалып отырған тың тақырып.

Семинарға кафедра оқытушылар-профессорлар құрамы және студенттер, магистранттар қатысты. Семинар барысында Нага тайпаларының тарихы, мәдениеті, өмір сүру салты туралы алғашқы деректерден ақпараттар берілді. Қатысушылар Үндістандағы тарих ғылымының зерттеу әдістері мен деректерімен танысты.

 

Бокулева Б.С.

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы

 

Басылым күні :  29.02.2024