Әдістемелік семинар өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында 21.09.2023 күні аға оқытушы Б.Базаркулова кафедра оқытушыларына «Қашықтықтан оқыту тәсілі: Moodle ҚОЖ -ды қолдану» атты әдістемелік семинар өткізді.

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының қашықтықтан оқыту жүйесіне жауапты аға оқытушы Б.Базаркулова Moodle ҚОЖ -ға тапсырма жүктеу бойынша ақпарат беріп, тапсырма жүктеу жолдарын түсіндіріп берді. Moodle жүйесінің артықшылықтары, қолдануға болатын элементтер, оларды пайдалану жағдайлары туралы мәліметтермен бөлісті. Moodle жүйесіне оқытушының қосылуы және оған тапсырмалар жүктеу туралы айтылды. Семинар өте қызықты, жаңа ақпараттарға толы болды.

 

Бокулева Б.С.

 

Басылым күні :  23.02.2024