«Сауд Арабиясының өзгеріп жатқан шындығы» атты ғылыми семинар өтті

«Тұрақты даму мақсаттары (ЦУР)» жобасы аясында Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. Г.Е. Надирова 2024 жылдың 15-ақпаны күні «Сауд Арабиясының өзгеріп жатқан шындығы» атты тақырыпта ағылшын тілінде дәріс оқыды. Аталған дәріс «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті «Шетел филологиясы» БББ 4-курс студенттерінің іс-тәжірибесі аясында ұйымдастырылып жатқан ғылыми семинарлардың заңды жалғасы.

Өткен жылдың 7-қазаны күні ХАМАС содырларының Израиль территориясына арандатушылық шабуылы салдарынан басталған палестиналық-израильдік текетіресті шешудің ұстанымы мен мүмкіндіктері, Сауд Арабиясы Корольдігінің ішкі өмірі мен сыртқы саясатындағы жаңа тенденциялары, халықаралық қауіпсіздік жүйесін құрудың қиындықтары, сондай-ақ, Парсы шығанағы аймағының саяси аренадағы күштермен арақатынасы, әлемдік алпауыт державалардың аймаққа қатысу перспективалары туралы ғылыми семинарда талқыланып, студенттерге мол мағұлмат берілді.

Семинар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультеті мен «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті арасындағы екіжақты келісім аясында ұйымдастырылды.



Жумадилова А.Е.

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы

 

Басылым күні :  20.02.2024