Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында «Елші сағаты» өтті

23-қарашада "Тұрақты даму мақсаттары" (ЦУР) жобасының тұрақты даму үшін серіктестік тармағы аясында шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Али Акбар Джоукар мырзаның қатысуымен «Елші сағаты» өтті. Елші мырза жалпы шығыстану ғылымы туралы, қазақтың ұлы ақыны Абайдың шығармашылығы, Шығыстың жарық жұлдызы әл-Фарабидың еңбектерінің бүкіл адамзатқа ортақ құндылығы жөнінде сөз қозғады. Кездесуде сондай-ақ мәртебелі мейманмен бірге Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Мохсен Фағани, Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының вице-консулы Милад Самет Хейрандиш, Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының атташесі Хоссейн Ағазаде мырзалар да болды. Кездесуде шығыстану факультетінің деканы Н.Б. Ем, деканның орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, оқытушылар мен студенттер қатысты. Ирантану бөлімінің студенттері Омар Хайям, Хафиз, Сағдидің өлеңдерін оқып, Али Акбар Джоукар мырза оларға сыйлық табыстады.



 

Басылым күні :  26.11.2023