Индология профессорлық-оқытушылар құрамының Үндістан Сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесуі

Тұрақты даму мақсаттары аясында 2023 жылдың 21 қазанында Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы, үндітану бөлімінің ОПҚ-ы Үндістан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары, ШЫҰ Ұлттық үйлестірушісі Ананд Пракаш мырза бастап келген делегациямен кездесу өткізді. Академиялық сала мен сыртқы саяси қоғамдастық өкілдерінің басын қосқан маңызды шарада екіжақты  дамудың негізгі аспектілері талқыланды. Кездесу барысында Қазақстан мен Үндістанның жоғарғы оқу орындары арасындағы ынтымақтастықтың келешегі, сондай-ақ бірлескен жобалар мен зерттеулерді кеңейту және тереңдету мүмкіндіктеріне қатысты мәселелер қарастырылды.

Басылым күні :  24.10.2023