Свами Вивекананда мәдени орталығының директорымен кездесу

«Тұрақты даму мақсаттары (ЦУР)» (Мақсатқа жету жолындағы серіктестіктер ) жобасының аясында 2023 жылдың 15 мамыр күні Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы Үндітану бөлімінің ұйымдастыруымен Свами Вивекананда мәдени орталығының директоры Санджай Веди мырзамен кездесу өтті. Кездесу мақсаты- екі ел арасындағы ғылым, білім, мәдени бағыттарды дамыту. Осыған орай, үндітану бөлімінің білімгерлеріне хинди тілі бойынша «Әлемдік Форумға» жолдама берілді. Форум бойынша үндітану бөлімінің студенттері Қазақстандағы хинди тілінің оқытылуын, үндітанудың дамуын танытатын болады. Кездесу барысында әлемдік форум аясында сұрақтар қойылып, пікір алмасулар болды.

Басылым күні :  15.05.2023