Студенттер мен магистранттар Үндістанға жолдама алды

Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының хинди бөлімінің 4 курс студенті Дюсенова Арай мен 1 курс магистранттары Абильмажинова Зарина мен Урумова Тоғжан Үндістанда өтетін хинди тілін оқитын студенттердің әлемдік форумына жолдама алды. Студенттер жолдамаға конкурстық іріктеу арқылы қол жеткізді. Өздерінің хинди тілін жетік меңгергендіктерін, Үндістан тарихы, мәдениті туралы білімдерін көрсете отырып, жоғарғы ұпай жинады. Іс-сапар толықтай Үндістан өкіметі тарабынан қаржыландырылады. Іс-сапар барысында Үндістанның алдыңғы қатарлы университеттеріне, тарихи жерлеріне саяхат ұйымдастырылады.

Басылым күні :  11.05.2023