Республикалық пәндік олимпиада

   Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ұйымдастыруымен   2023 жылдың 19 - 21 сәуір күндері Қазақстандағы жоғарғы оқу орындары арасында 6В02207- Шығыстану білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтті.

  Олимпиадаға Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ) араб тілін оқитын «Шығыстану» мамандығының 3-4 курс студенттері қатысты. Олимпиаданың екі кезеңінің нәтижесі бойынша жүлдегерлер анықталып, І, ІІ, ІІІ орынға ие болған студенттер дипломдар мен ынталандыру сыйлықтарына ие болды.


Басылым күні :  21.04.2023