ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕ ТАЯУ ШЫҒЫС ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК АЗИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ ҰСТАЗДАРЫ БАЯНДАМА ЖАСАДЫ

 

2023 жылдың 6 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде «ІІ Халықаралық Фараби форумы» аясында «Шығыстанудың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті. Аталмыш дөңгелек үстелге шығыстану факультетінің оқытушы профессорлар құрамы мен білімгерлері қатысты. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты - шығыстанудың отандағы рөлін, салмағын, орнын көрсету, бәсекеге қабілетті жас буыған шығыстану бағытын терең ұғындыру.

Дөңгелек столда Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ұстаздары, ф.ғ.д., профессор Г.Е.Надирова, ф.ғ.д., доцент Б.Н. Джубатова сөз алып, шығыстануды дамытудың негізгі тенденциялары мен негізгі мәселелері, және оны шешудің жолдары тақырыбы аясында баяндама жасады.

Оқып жатқан шығыс елінің тілін, мәдениетін, тарихын, экономикасын, саясатын терең игеріп жатқан болашақ шығыстанушылар үшін «Шығыстанудың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел пайдалы әрі қызықты өтті. Жиын соңында, шығыстану саласына қатысты алуан түрлі сұрақтар қойылып, пікір алмасулар болды.

 

Басылым күні :  07.04.2023