Араб-парсы жазуы каллиграфиясының шеберлік сыныбы өтті

Тұрақты даму мақсаттары (ЦУР)» (сапалы білім айдары) жобасының негізінде 9-желтоқсанда Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында ирантану бөлімі мен Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы жанындағы Мәдени Өкілдіктің ұйымдастыруымен танымал қазақстандық каллиграф Орынбасаров Асылбек Байұзақұлы араб-парсы жазуы каллиграфиясының шеберлік сыныбын өткізді. Кафедра меңгерушісі Д.М.Көкеева мен Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Бас консулдығы жанындағы Мәдени Өкілдіктің басшысы Мәжит Әлигәр кіріспе сөз сөйлеп бастап берді. Шеберлік сыныбына кафедраның иран және араб бөлімінің білімгерлері қатысты. Шеберлік сынып практикалық сипатта өтіп, білімгерлердің асқан қызығушылығын тудырды.

Басылым күні :  12.12.2022