Джавахарлал Неру университетінің (Нью-Дели, Үндістан) жас ғалымдарының Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушы құрамымен кездесуі

 

     2022 жылғы 25 мамырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінде Джавахарлал Неру университетінің (Нью-Дели, Үндістан) жас ғалымдарының Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушы құрамымен кездесуі өтті. Суджит Кумар Шарма, Снеха Ядав, Джахну Кумар Хир Джавахарлал Неру университетінің халықаралық қатынастар факультетінің PhD докторанттары, олар Қазақстанның сыртқы саясатын, соның ішінде үнді-қазақ қатынастарын әртүрлі аспектілерде зерттейді. Кездесу барысында университеттеріміз арасындағы білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

 

Басылым күні :  26.05.2022