Белгілі шығыстанушы, Мичиган университетінің профессоры А.Д. Кныштың қатысуымен вебинар өтеді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті белгілі шығыстанушы, Мичиган университетінің профессоры А.Д. Кныш 2022-жыл 28 ақпан күні сағат 19.00 «Академиялық исламтану және конфессиялық исламтану: жақындасу немесе өзара бас тарту?» атты тақырыпта вебинар өткізеді. Вебинарға Шығыстану факультетінің оқытушылары, студенттері және исламтану тақырыбына қызығатын, ислам тарихы мен суфизм тақырыбын зерттейтін барлық мамандар қатысады деп күтіледі.

 

Ұйымдастырушы: Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы

ZOOM ID: 827 73 66 0687, passcode: 745544

https://us02web.zoom.us/j/82773660687?pwd=TFVwNFM5Z2JUZWNxOTIxU1FMV1NYQT09

Басылым күні :  28.02.2022