Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 4-курс студенттері мен магистанттары арасында (араб, парсы, үнді және урду тілдерінде) «МЕН ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК» атты ҮЗДІК ЭССЕ конкурсын өткізеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы
Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 4-курс студенттері мен магистанттары арасында (араб, парсы, үнді және урду тілдерінде)
«Мен және Тәуелсіздік» атты ҮЗДІК ЭССЕ конкурсын өткізеді.
Конкурстың мақсаты: студенттердің патриоттық сезімін арттыру мақсатында әрбір топ студенттеріне өздері оқитын шығыс тілінде эссе жазу қабілетін көрсетуіне мүмкіндік беру.
Эссе жазуға берілетін уақыт: 4-13 желтоқсан 2021 жыл.
Конкурстың нәтижесі желтоқсан айының 14 күні ресми түрде жарияланып, жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталады.
Эссеге қойылатын талап: Эссе жазуға қойылатын талаптарды сақтай отырып тақырыптың толық ашылуы мен ойдың тұшымды, мағыналы сөздермен жеткізілуі және грамматикалық жағынан қатесіз жазылуы.
Эссенің көлемі: 1-1,5 бет, Times New Roman, 14. Эссені пдф форматта сақтап жіберу қажет. E.mail: kazalem@mail.ru