ИРАНДЫҚ ФАРАБИТАНУШЫ АЛЛАМЕ ТАБАТАБАИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ФИЛОСОФИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДОКТОРЫ ҚАСЫМ ПУРХАСАН ДАРЗИДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ВЕБИНАР ӨТЕДІ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы Алламе Табатабаи университетінің философия ғылымының докторы, фарабитанушы Қасым Пурхасан Дарзидің қатысуымен 17 қараша күні 2021 жыл сағат 15.00 «Әл-Фарабидің «Әл-Хуруф» (әріптер) атты трактатының парсы тіліндегі аудармасы мен оған жазылған ғылыми түсініктеме деген тақырыпта вебинар өткізеді. Вебинарға Шығыстану факультетінің оқытушылары, студенттері және Әбу Наср әл-Фараби еңбектерін зерттейтін, аударатын барлық мамандар қатысады деп күтіледі.

Басылым күні :  18.11.2021