Шығыстану факультетінің студенті «Сұңқар» студенттер кәсіподағының арнайы шәкіртақысына ие болды

2014 жылдың қарашасында арабтану және ирантану кафедрасы араб бөлімінің «5В021013-Шетел филологиясы» мамандығының 3 курс студенті Құсаинова Насиба «Сұңқар» студенттер кәсіподағының арнайы шәкіртақысына ие болды.

Бұл шәкіртақы оқу үлгерімі жоғары және қоғамдық өмірге белсене араласатын немесе ғылыми жетістіктері бар студенттерге тағайындалады.

Насибаны шын жүректен шәкіртақы алуымен құттықтаймыз!

Басылым күні :  15.05.2015