«Халықаралық байланыс саласындағы қытай тілінің ролі» атты тақырыпта дөңгелек үстел

2005 жылдың 18 ақпанда сағат 14.30-да  218 дәрісханада шығыстану факультеті қытайтану кафедрасы мен халықаралық қатынастар дипломатиялық аударма кафедрасының оқытушылары, докторанттары, магистранттары мен студенттерінің ұйымдастыруымен « Халықаралық байланыс саласындағы қытай тілінің ролі » атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің арнайы қонағы ретінде  Қазақ Ұлттық  ғылым академиясының ғылыми  қызметкері ф,ғ.к. Қайрат Ғабитханұлы қатысты.Бұл іс-шараның басты мақсаты-магистранттар мен студенттерді көршілес Қытай елінің халықаралық байланыс саласында алатын салмағы және қытай тілінің әлемдік аренадағы ролімен    таныстыру әрі қытай тілін оқып жатқан  бакалавриат студенттері мен магистранттарды бір-бірімен етене араласуына сеп болу. Іс шараны ұйымдастырушылар - қытайтану кафедрасының доценті Кенжебаева А, және дипломатиялық аударма кафедрасының доценті Смағұлова К.Қазіргі таңда  қытай тілі оқытудың ең басты бағыты – қатысымдық бағыт туралы және тілді қатысымдық тұрғыдан меңгертуге тілшілер де, әдіскер-ғалымдар да, ұстаздар да ерекше назар аударып отырғанын атап өтті. Себебі, қатысымдық бағыт бүгінгі уақыт сұранысынан туып отырған заман талабына жауап бере алатынын баса көрсеттті. Ал Қ. Ғабитханұлы  қытай тілін қазіргі таңда оқудың әсіресе қазақ жастары үшін қаншалықты маңызды екендігі жөнінде атап өтті. Іс-шараға сондай ақ қытайтану кафедрасы мен халықаралық қатынастар дипломатиялық аударма кафедрасының оқу -әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі  каф.меңгерушісінің орынбасалары Керімбаев Е., және Сарбаева Р.,  доцент Дәулет Ф.,  аға  оқытушы Қалиолла А, Досымбекова Р. магистранттар Сымағұл Ж., Темешов А,. Баасансурен Чулунбаттар, Жарболова А, Ушурова Ш. және  халықаралық қатынастар фаукльтетінің студенттері қатысты.  Бұл дер кезінде өткізілген пайдалы, қызықты әрі өзге ұстаздар өнеге алатындай іс-шара болды.

Басылым күні :  13.05.2015