«Өркениеттің адасуы».

№14- Студенттер үйінде «100» кітап жобасы аясында М.Шахановтың «Өркениеттің адасуы» шығармасы желісінде кеш өткізілді. Студенттер күніне орай өткізілген бұл іс-шараға 1-3 курс студенттері қатысты. Кеш жүргізушілері аудиторияға шығарма авторының өмірі, қызметі, шығармашылығы, т.б. жайлы сұрақтар қойып, кешті интерактивті сипатта өткізді. Автордың нағыз ұлтын сүйетін патриот екені айтылды. Осы шығармадан үзінділер оқылып, кейбір тұстары талқыланды. Шығарманың негізгі идеясы туралы әртүрлі пікірлер айтылды. Кеш өте тартымды өтті. Кеш соңы студенттердің автор сөзіне жазылған әртүрлі әндерін айтумен аяқталды.

Басылым күні :  11.05.2015