«Н.Назарбаев - Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті».

ҚР Президентінің күні қарсаңында дипломатиялық аударма кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен Орталық мұражай қызметкері 1-2 курс студенттеріне «Н.Назарбаев - Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті» атты дәріс оқыды. Ол интерактивті сипатта өтті. Студенттерге президенттің балалық шағы, өмірі мен қызметі жайлы сұрақтар қойып, ол кісінің өмірінің қызықты тұстарын әңгімелеп берді. Слайдтар арқылы президенттің жастық шағынан қазіргі кезеңге дейінгі қызмет жолы көрсетілді. Ол кісінің егемен Қазақстанды гүлдендіруде жасаған ерен еңбектері туралы көп айтылды. Студенттер түрлі сұрақтар қойып, дәріс тартымды өтті.

Басылым күні :  11.05.2015