Жұмыс берушілермен кездесу

әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «География, жерге орналастыру және кадастр» кафедрасында 29.01.2020 жылы сағат 14.00 де 219 аудиторияда жұмыс беруші Алматы қаласындағы М.Базарбаев атындағы №138 қазақ гимназиясының директоры Еламанова Әлия Сейдікәрімқызы "География", "Жерге орналастыру" және "Кадастр" мамандықтарының профессор-оқытушылар құрамы, жоғарыда аталған мамандықтардың студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысуымен кездесу барысында мектеп ұжымында ҚазҰУ-дің география факультетін бітірген екі маман Есназарова Ұ.Ә., Омарова Қ. жұмыс істейтінін айтты. Кездесу барысында Ә.С.Еламанова қазақ гимназиясында атқарылып жатқан жұмыстармен, жаңалықтарымен өз ойын бөлісе отырып, біздің мамандықтарды бітірушілердің құзыреттілігі, олардың іскерліктері мен жұмыстағы кәсіби дағдылары жоғары деңгейде екеніне тоқталды. Мүсілім Базарбаев атындағы №138 гимназияның педагогикалық ұжымы соңғы алты жыл қатарынан дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі үлкен жетістіктері үшін Алматы қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Өз мектебінің жұмыс ерекшелігін егжей-тегжейлі сипаттап, болашақ мұғалімдерге қойылатын негізгі талаптарға тоқталды. Шын ұстаз - түзде де ұстаз, үйде де ұстаз демекші, гимназия ұжымының басты ұстанымы – әрбір шәкірттен өз халқының ұлтжанды, елжанды азаматтарын тәрбиелеу керектігіне басты назар аударды

Еңбекқорлық, ақылдылық, жан сұлулығы бір адамның бойынан табылса, ол – қазіргі мектеп мұғалімі. Сондықтан қазіргі мектептерге білімнің жаңа үлгісімен қаруланған, шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға қажет екендігін айта кеткен жөн. Педагогикалық қызметтің барлық жақтарын зерттеп меңгеруге ынталы педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын мұғалім керек екеніне тоқталды.

http://138.alschool.kz/

Басылым күні :  13.03.2020