Медеу Ахметқал Рахметоллаұлы география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының студенттеріне демеушілік стипендиялар табыс етті

2019 жылдың 23-желтоқсанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоратының отырысында география ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, ҚР Ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының екі мәрте лауреаты Медеу Ахметқал Рахметоллаұлы ҚР 2019 жылғы Ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаттары атанған авторлық ұжым атынан география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының студенттері Яковенко А., Алиева Ж., Атымтаева Д., Жақсыбай Г., Тазабек С., Исман Ш., Исах А. мен метеорология және гидрология кафедрасының студенттеріне 1 млн. теңге көлемінде демеушілік стипендиялар табыс етті.
География және су қауіпсіздігі институты ғалымдарының атынан атаулы шәкіртақы тапсыру дәстүрге айналды. Медеу А. Р. 2013 ж. ҚР Мемлекеттік сыйлығы аясында география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының студенттері мен магистранттарына 1 млн. теңге көлемінде демеушілік шәкіртақы табыс етіп, кафедра студенттеріне ҚР БҒМ География және су қауіпсіздігі институтында әзірленген үш томдық "Қазақстан Республикасының Ұлттық атласының" 10 жиынтығын өтеусіз пайдалануға берді.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің География және су қауіпсіздігі институты "География" мамандығының студенттері мен магистранттары үшін тәжірибе өтетін негізгі база болып табылады.
Білікті кадрларды даярлаудағы жемісті әріптестігі үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғ. М. Мұтанов География және су қауіпсіздігі институтының директоры, академик А.Р. Медеуді "Ерен еңбегі үшін" мерейтойлық медалімен марапаттады.
География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының ұжымы және география және табиғатты пайдалану факультеті География және су қауіпсіздігі институтының директоры, академик А. Р. Медеуге факультеттің талантты студенттерін қолдап, өндірістік тәжірибелерді ұйымдастыруда және факультет түлектерін жұмысқа орналастыруда белсенді әріптестік орнатқаны үшін алғыс білдіреді.
География және су қауіпсіздігі институты ұжымының отандық география ғылымының игілігі үшін ғылыми табыстарға жете беруіне тілектеспіз.

 

http://www.akorda.kz/ru/legal_acts/decrees/o-prisuzhdenii-gosudarstvennoi-premii-respubliki-kazahstan-2019-goda-v-oblasti-nauki-i-tehniki-imeni-al-farabi

 

#геофак_казну

#геоземкад_казну 

#kaznu  

#geozemkad_kaznu

 

Басылым күні :  21.01.2020