«Адал бол - адам бол!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттік форум

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Жастар жылы аясында «Адал бол - адам бол!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттік форум өтті. Оған Алматы қаласының 38 жоғары оқу орындарының студенттері мен жастар өкілдері қатысты. Іс-шараны ҚазҰУ ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Департаментімен, «Саналы ұрпақ» және «Адалдық алаңы» жобалау кеңселерімен бірлесіп ұйымдастырды.

Қазақстанның жоғары оқу орындары біздің мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы даму моделін іске асыруда зор рөлге ие. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, қоғамның одан әрі дамуын айқындайтын құндылықтар мен мінез-құлық модельдері жоғары білім беру жүйесі арқылы өзектілікке ие. «Саналы ұрпақ» республикалық жобалау кеңсесінің басшысы Қайыржан Тоқышев Алматы қаласында қолдау тапқан, содан кейін еліміздің барлық аймақтарында тараған «Адал бол!» қозғалысының ерекшелігін атап өтті. Бұған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қолдауымен құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ғылыми-білім беру кластерінің қызметі ықпал етті. Еліміздің барлық білім беру ұйымдары "Саналы ұрпақ" жобалық кеңсесі мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар ҒЗИ-мен бірлесіп әзірлеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялардың жол картасын енгізуге кірісті. Осы негізде ашықтықты қамтамасыз ету және оқу ғимараттарының ашықтығын қамту мен академиялық адалдық қағидасының алға жылжуы тәрізді жоғары оқу орнының рейтингтік бағасы қалыптасады.

Басылым күні :  25.03.2019