Международной научно-практической конференции «Географические проблемы использования земель разных типов природной среды Республики Казахстан», посвященной 75-летию со дня рождения кандидата географических наук, Отличника образования РК, Почетного работника образования РК и профессора КазНУ им.аль-Фараби Темирбекова Амангельды

 

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

География және табиғатты пайдалану факультеті

 

География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы

 

Географиядан Республикалық атаулы мектеп

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

 

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘРТҮРЛІ ТАБИҒИ ОРТАСЫНДАҒЫ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ»

 

 

Құрметті әріптестер!

 

Сіздерді 2018 жылдың қараша айының 2-3 аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті география және табиғатты пайдалану факультетінде ҚазҰУ профессоры, география ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері Темірбеков Амангелді Тәжіұлының 75 жылдық мерейтойына орай өткізілетін Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырамыз.

 

Конференцияның негізгі бағыттары

 

  1. ҚР Президенті Н.А.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы, «Туған жер-Родной край» және «Қазақстанның қасиетті, киелі жерлерінің географиясы» жобасын жүзеге асыру
  2. Қазақстан Республикасы аймақтарының тұрақты дамуын басқарудың географиялық негіздері
  3. Жер ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау
  4. Әртүрлі аймақтар мен табиғи зоналардағы ландшафттардың деградациялануы мен шөлдену мәселесінің   алдын алу іс-шаралары

 

Конференцияға қатысудың түрлері

 

1.Пленарлық отырыстағы баяндама

2.Секциялар отырысындағы баяндама

3.Конференция жұмысына баяндамасыз қатысу

4.Стендтік баяндама

5.Конференция жұмысына тікелей қатынаспай мақала жариялау

 

     Конференцияның жұмыс тілдері : қазақ, орыс, ағылшын

     Конференцияның мақсаты – Қазақстанның жер ресурсын тиімді пайдалану мәселелерін талқылау.

 

 

 

 

 

 

Қатысушыларға арналған ақпарат

 

Конференция жұмысына қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне электронды түрде тапсырыс және мақалалар ұсыну қажет. Мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады. Мақаланы қабылдаудың соңғы мерзімі 2018 жылдың 20 қазаны. Мақалалар «Түркі тілдес елдер» және «Географиядан республикалық атаулы мектеп Хабаршысы» журналында, ал ұйымдастыру алқасы таңдап алған мақалалар "ҚазҰУ хабаршысы. География сериясында” жарияланады. Конференцияға қатысуға тапсырыс берудің мерзімі 2018 жылдың 27 қазаны. Ұйымдастыруға қосатын жарна 7000 тг көлемінде және оны төмендегі есеп-шотқа аудару қажет:

Есеп-шоты: «Kaspi Bank»АҚАлматы қ.

БИК: CASPKZKA

БИН: 971240001315

Номер счета карты: KZ62722C000021982733

ИИН: 951108400806

 

Мекен-жайы: 050040, Алматы қ. Әл-Фараби даңғылы 71. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

География және табиғатты пайдалану факультеті

География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы. Конференцияға қатысуға тапсырысты және мақалаларды Ұйымдастыру комитетінің мына мекен-жайы бойынша жіберу керек: geoconference232018@gmail.com.

Байланыс жасаушы тұлға: Тоқбергенова Айгүл Әбдіғаппарқызы- 8702649 82 72, Кеңеспаева Лаура Байырбекқызы- 8705 816 06 89, Зұлпыхаров Қанат Базарбайұлы- 8 707 829 31 41.

 

КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУҒА ТАПСЫРЫС

 

Тегі_____________________________________________________________________

Аты_____________________________________________________________________

Әкесінің аты______________________________________________________________

Ғылыми дәрежесі, атағы____________________________________________________

Ұйымы, лауазымы_________________________________________________________

Байланыс телефоны________________________________________________________

e-mail____________________________________________________________________

Секциясы________________________________________________________________

Мақала атауы___________________________________________________________

Бірігіп баяндама жасаушылар туралы мәлімет_________________________________

Конференция жұмысына қатысу түрі_________________________________________

Қонақүйден орын алуға тапсырыс(қажет болған жағдайда)________________

 

МАТЕРИАЛДАРДЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

 

Мақаланың көлемі әдебиеттер тізімін, кестелер мен суреттерді, аннотацияларды қоса есептегенде 10 бет баспа беттен аспауы тиіс. Мақаланың ең аз дегендегі көлемі 5 бет болуы керек. Файлдың атауы латын әріпімен бірінші автордың тегімен басталады (мысалы, Duysebaeva.doc(rtf)); мақаланың беттері нөмірленуі қажет. МРНТИ бойынша коды көрсетіледі.

Аннотация мәтіннің басында мақаланың жазылған тілінде беріледі (150-250 сөз). Аннотация ғылыми шығарма мазмұнының қысқаша жазба түріндегі баяндамасы, ол тақырыппен оның құрылымы туралы жалпы мағлұмет береді. Мақалаға арналған аннотация үш тілде беріледі (қазақ, орыс, ағылшын).

Кілтті сөздер мақаланың мазмұнын барынша толық қамтамасыз етуі қажет. Әрбір нақты материал үшін 5-6 кілтті сөздерді (keywords) өзінің маңыздылығы жағынанреттік бойынша беріңіздер,яғни мақаланың ең маңызды кілтті сөздері тізімде бірінші болып тұруы қажет.

Мәтін Word бағдарламасының кез-келген шығарылымында басылып, мәтіннің шрифты –Times New Roman , қағаздың форматы А4(210 297 мм), кегль өлшемі-12 аралық болуы керек. Жоларалық интервалы- бір. Ені бойынша түзету: азат жолдағы шегіну- 0,8 см. Жоғарғы алаңы- 2 , төменгісі-2, сол жағы-2, оң жағы-2. Кестелер, суреттер, формулалардағы символдар мен белгілерді қою әр түрлі болмауы керек.Суреттер нақты, әрі анық болуы керек. Суреттер мен кестелердегі мәтінде сілтемелер болуы керек.

Мақала мәтінін құрайтын файлдың атауы автордың аты-жөнімен сәйкес болуы керек. Үлгідегі бар стиль мен форматтауды сақтау қажет, мәтін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде беріледі.

 

Мақаланың құрамында: кіріспе, мәліметтер мен зерттеу әдістері, нәтижелері, қорытындысы, әдебиеттер тізімі болуы керек.

 

МРНТИ

Атауы

 

Темірбеков А.Т., Кенеспаева Л.Б., 2Зұлпыхаров Қ.Б.

 

лауазымы, атағы , әл-Фраби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ., e-mail: temirbekov_a@gmail.com

лауазымы, атағы , әл-Фраби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

2лауазымы, атағы , әл-Фраби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

 

Қысқаша аннотация (150-250 сөз)(кегль-10 аралық.)

 

Мәтін

Кіріспе

Мәліметтер мен зеттеу әдістері

Нәтижелері

Қорытындылары

Әдебиеттер (кегль-10, алф бойынша)

Басылым күні :  08.11.2018